Ресейде жаңа туған сәбиден коронавирус табылды

10:37, 2 сәуір 2020

Мәскеуде алғаш рет коронавирус инфекциясын жұқтырған бала дүниеге келді, деп хабарлайды zakon.kz lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

Мәскеуде коронавирус науқастарды қабылдауға қайта жасақталған №15 ауруханада коронавирус жұқтырған бала дүниеге келді.

COVID-19 үшін нәрестенің анасы тапсырған тест алдында оң нәтиже бергені белгілі.

Бала кесар тілігімен дүниеге келді. Қазір ана мен бала ауруханада - дәрігерлердің қатаң бақылауында.

1 сәуірдегі жағдай бойынша, Ресейде 2777 коронавирус инфекциясы анықталды, одан 24 адам қайтыс болды, оның 19-ы - Мәскеуде. Тағы 190 науқас сауығып шықты.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!