Ресейде ядролық реактор жарылған ауыл халқы көшіріліп жатыр

11:02, 14 тамыз 2019

Северодвинск қаласы маңындағы Ненокс ауылының тұрғындарына 14 тамызда 2 сағатқа ауылдан кете тұру сұралған. Пойыз адамдарды таңғы сағат 4.00-де әкетеді, деп жазды Росбалт, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ал ауылдан кетісі келмегендерге екі сағатқа, яғни сағат таңғы 05.00 мен 07.00 уақытында орманға бара тұруларын сұрапты. Ал Северодвинск қаласы әкімдігінің басшысы әлі еңбек демалысынан оралмаған.

Айта кетсек, бұл ауылда өткен аптада шағын габаритті ядролық реактор сынақ кезінде жарылып кеткен.

Қандай да бір сынақ жасалу мүмкіндігі туралы ресми ақпарат жоқ.

Түнде Архангельскіден Мәскеуге 10 дәрігер ұшып кетті, олар "Ненокса" жаттығу полигонында жарылыстан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетті. Дәрігерлер онкологиялық және биофизикалық аурулардың салдарын зерттейтін медициналық орталық орналасқан Щукинская метро станциясының маңында орналасты. Атап айтсақ, онда А.И. Бурназян атындағы федералды медициналық биофизикалық орталықтың клиникасы бар. Сол араға сынақ полигонында зардап шеккендер жеткізілген болатын.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!