Ресейде тағы бір әскери бөлімде жарылыс болды

17:18, 8 тамыз 2019

Ресейдің Архангелск облысының Северодвинск қаласындағы әскери бөлімшеде өрт шығып, бір адам қаза тапты. Кем дегенде 10 адам зардап шеккен. Бұл туралы ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Шұғыл қызмет өкілдерінің мәлімдеуінше, жарылыс кемеде болған, қазір ол өртеніп жатыр. Архангелск облысының губернаторы Игорь Орлов оқыс оқиғаның болғанын растады

"Зардап шеккендер бар, қазір санитарлық авиация жіберілді", - деді ол.

Хабарларға қарағанда, Северодвинскіден 30 шақырым ары орналасқан әскери бөлімшеде жарылыс болған. Кей деректерге қарағанда, екі адам қаза тауып, 15 адам зардап шеккен.

Еске сала кетейік, үш күн бұрын Ресейдің Красноярск өлкесіндегі Ачин ауданында орналасқан әскери бөлімнің аумағында жарылыс болып, өрт шыққан еді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!