Ресейде полиция бөліміне шабуыл жасалды - күдікті үш адамды өлтірген болуы мүмкін

14:53, 16 қыркүйек 2021
406

© Сурет: vesti.ru

Воронеж облысындағы Лиски қаласының полиция бөліміне шабуыл жасалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Vesti.ru сайтының хабарлауынша, қолында қаруы бар әскери киімдегі белгісіз адам полиция бөлімінің кіреберісіне қолдан жасалған бомбаны лақтырып, бір қызметкерді жаралаған. Содан кейін ол көлікке мініп, оқиға орнынан ізін суытқан.

Қылмыстың себептері әлі анықталған жоқ.

Лискидегі полиция бөліміне шабуыл жасады деп күдікке ілінген адамның үш кісінің өліміне қатысы болуы мүмкін екендігі айтылады.

Волчанское ауылындағы полиция бөліміне жасалған шабуылдан 40 минут өткен соң, Октябрьский көшесі 70 үйден атылған оқ дауысы естілген. Оқиға орнында бір адамның мерт болғаны, тағы екі адам - ​​әйел мен бес жасар бала дәрігерлер келгеннен кейін қайтыс болғаны айтылады.

Күдікті әлі ұсталған жоқ.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір