Ресейде оқ-дәрі шығаратын цехтағы жарылыстың видеосы жарияланды

15:38, 23 қазан 2021

© Сурет: видеодан алынды

Рязань облысында (Ресей) оқ-дәрі шығаратын цехта жарылыс болар алдындағы сәттің видеосы желіде пайда болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Видеода жұмысшылардың қапты арқалап бара жатқандары, жарылыс болған сәтте платформадан секіріп, қашуға тырысқандары көрінеді.

22 қазанда Шиловский ауданындағы Лесное ауылындағы шеберханада болды. РФ Төтенше жағдайлар министрлігі өрт туралы ақпарат 8:22-де (Нұр-Сұлтан уақытымен 11:22) түскенін хабарлады. Цехтағы өртке жарылыс себеп болды. 16 адам қаза тапты.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!