Ресейде коронавирустан екі науқас көз жұмды

09:28, 26 наурыз 2020

Мәскеуде коронавируспен ауырған екі науқас қайтыс болды, деп мәлімдеді Ресей астанасындағы шұғыл штаб, деп хабарлайды zakon.kz РБК-ға сілтеме жасап.

Коронавирустан көз жұмғандардың бірі - 73, екіншісі - 88 жаста.

Қайтыс болған науқастар пневмонияға шалдығып, оның асқынуына басқа да қатар өршіген аурулары себеп болған.

Мәскеу қаласындағы Коммунарка жұқпалы аурулар ауруханасында COVID-19 диагнозы қойылған науқас алғаш 19 наурызда қайтыс болды. Бұл 79 жастағы әйел еді.

Соңғы мәліметтер бойынша, Ресейде коронавирустық инфекцияның 658 жағдайы тіркелді, олардың жартысынан көбісі - Мәскеуде.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!