Ресейде көпқабатты үйде тағы да газ жарылып, адамдар үйінді астында қалды

15:04, 14 қаңтар 2019
327

Ресейдің Шахты қаласында 9 қабатты үйде тұрмыстық газ жарылып, салдарынан 5 адам зардап шекті, деп хабарлайды Stan.kz "РИА Новости" басылымына сілтеме жасап.

Шахты қаласында тоғыз қабатты тұрғын үйде тұрмыстық газ жарылып, сегізінші және тоғызыншы қабаттардың жабыны талқандалды. Алдын ала мәлімет бойынша, 5 адам зардап шекті.

"Тағы жеті адам үйінді астында қалған", – дейді өңірдің шұғыл қызметінің өкілі.

Өз сөзінде ол іздеу жұмыстарының барысында 6 адамның құтқарылғанын айтты.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!