Ресейде колледж ішінде бір студент оқ жаудырды

10:52, 14 қараша 2019

Благовещенскідегі Амур құрылыс және коммуналдық колледжі ішінде бір студент қару алып шығып, жан-жағына оқ жаудырды, деп хабарлайды ТАСС агенттігі аймақтық үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Біз мұндай оқиғаның орын алғанын растаймыз, бірақ әлі толық ақпаратты білмейміз, онымен тергеу комитеті айналысуда", - деді баспасөз қызметі.

Амур облысының денсаулық сақтау министрлігі оқтан бір адамның қаза тапқанын хабарлады.

- Алдын ала мәліметтер бойынша, оқыс оқиға салдарынан бір адам қайтыс болды, үшеуі жарақат алды. Дәрігерлер мен фельдшерлер сол жерде жұмыс істеуде, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Бұл колледждің күндізгі бөлімде 1500 студент оқиды екен.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!