Ресей Қазақстанның бір азаматын Уханнан ала шықты

11:21, 5 ақпан 2020

Эвакуацияланған ресейліктер мен Қытайдың Хубэй провинциясын тастап шығу туралы шешім қабылдаған басқа елдердің азаматтары Түмен облысында екі апта карантинде болады, деп хабарлайды zakon.kz РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

РФ Премьер-министрінің орынбасары Татьяна Голикова "әлдеқайда жақсы дайындалған аймақ" ретінде Түмен облысы таңдалып алынғанын айтты.

Қазіргі уақытта СІМ ұсынған мәліметтерге сәйкес, шамамен 147 азамат эвакуацияланған. Көбісі - Ресей азаматтары, одан бөлек Беларусь елінің - 10, Арменияның - бір, Украинаның - бір және Қазақстанның бір азаматы бар.

- Ухань мен Хубэйден ұшып келген азаматтардың барлығының дені сау екендігін айта отырып, Сіздерді сабырға шақырғым келеді. Қытай Халық Республикасындағы әріптестеріміз коронавирустық инфекцияны жұқтырған азаматтарды өз территориясынан, карантин аумағынан шығармайды, - деп атап өтті вице-премьер.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!