Ресей халқы Нұр-Сұлтан атауын құптамайды – сауалнама
Ресейліктердің үштен бірінің астамы – 38 пайызы Қазақстан астанасының атауы Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне Нұр-Сұлтан деп өзгеруін құптамай, теріс пікір білдірді, деп хабарлайды РИА Новости.
Жалпыресейлік коғамдық пікірді зерттеу орталығының (ВЦИОМ) сауалнамасы осындай нәтиже берген екен.
Сауалнамаға қатысқандардың 43 пайызы бұл жаңалыққа немқұрайды қарайтынын жеткізсе, тағы 17 пайызы Астана атауының өзгеруін құптап шықты.
Респонденттердің 31 пайызы Назарбаев отставкаға жасына байланысты кетті деп санайды. Қазақстанның Тұңғыш президенті биыл жазда 79 жасқа толады.
Ресейліктердің жартысы республикада биліктің ауысуына селқостық танытса, 25 пайызы Назарбаевтың кеткеніне қынжылыс білдірді, тағы 19 пайызы бұл жаңалықты "жақсы жаңалық" деп бағалады.
Сауалнама 26 наурызда телефон арқылы жүргізілді. Оған Ресейдің жасы 18-ден асқан 1600 тұрғыны қатысты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:13, 3 қараша 2022
«Барыс» ҚХЛ аясындағы ойындарда 14-ші жеңілісін тіркеді
-
21:55, 3 қараша 2022
Илон Маск G20 саммитіне қатысады
-
18:50, 3 қараша 2022
Пәкістанның бұрынғы премьер-министріне саяси шеру кезінде оқ атылды
-
14:06, 1 қаңтар 2022
Ким Чен Ын: 2022 жыл – «Өліммен күрес» жылы
-
10:24, 18 желтоқсан 2021
Ресей Ашық аспан келісімінен шығу туралы шешім қабылдады