Ресей ақпарат министрі тағы бір әлеуметтік желінің бұғатталуы мүмкін екенін ескертті

09:01, 4 мамыр 2018
370

Ресей ақпарат және бұқаралық коммуникация министрі Николай Никифоров егер Viber мессенджері Федералдық қауіпсіздік қызметіне (ФСБ) қолданушылар хат-хабарын шифрлау кілтін бермесе, Telegram мессенджері сияқты бұғатталуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Никифоров Viber-ді бұғаттауды ФСб-нің мәселесі деп біледі.

"Егер ФСБ шифрлау кілтін ала алмаса, онда сотқа жүгінуі, осыған ұқсас (Telegram-ға қатысты жағдайды айтады - ред.) сот шешімі шығуы мүмкін" - деді Никифоров.

Министр бұған қоса Роскомнадзор басшысы Александр Жаровтың отставкаға кетуі мүмкін деген ақпаратқа қатысты комментарий бермейтінін мәлімдеді.

Мәскеу соты сәуір айының ортасында Telegram мессенджерін Ресей арнайы қызметіне қолданушылар жазысқан хат-хабарды шифрлеу кілтін бермегені үшін бұғаттап тастаған. Роскомнодзор мессенджерге кіруді шектеу үшін 20 миллион IP-адресті бұғаттаған. Бірақ көптеген қолданушыда Telegram жұмыс істеп тұр.

30 сәуірде Мәскеуде "Еркін инетрнет үшін" деп аталатын мыңдаған адам қатысқан министг өткен. "Левада-центр" ұйымы жүргізген сауалнама бойынша, ресейліктердің 31 пайызы ғана мессенджерде жазысқан жеке хат-хабары құқық қорғау органдарының сұрауы бойынша биліктің қолына берілгенін қолдамайды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!