Рамзанның баласы күмәнді жеңістен кейін қарсыласына реванш ұсынбақ

10:27, 23 сәуір 2021

© Сурет: kpcdn.net

Шешенстан басшысы Рамзан Кадыровтың ұлы Адам Кадыров, Аслан Биттировпен болған даулы кездесуді төреші тоқтатқанына наразы екен. Ол қарсыласымен реванш өткізуге дайын екенін айтыпты, дейді Газета.ру.

Еске салсақ, Рамзан Кадыровтың 13 жастағы томпақ ұлы бокс кешінде күмәнді жеңіске жетіп, мазақ болған. Кабардин-Балқар өкілі Аслан Биттировке қарсы жекпе жек барысында Биттировтың қолы мен тізесі жерге тимесе де, төреші нокдаун санай жөнеледі, сол сәтте Биттировтың бұрышындағы бапкерлер рингке ақ орамал тастай салды.

Осылайша Адам Кадыров техникалық нокдаумен жеңіске жетті деп саналып кеткен еді.

– Мен бірінші және екінші раундта қарсыласты жай байқап көріп, үшінші раундта шабуыл жасаймын деп едім, кездесуді тоқтатып тастады. Келіспеймін мұнымен. Биттировпен қайта жұдырықтасуға дайынмын. Ставкілеріңді тіге беріңдер, Кадыровтың шын күшін көрсетейін, – депті әлгі бала.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!