Путинді тағы президент ететін түзетулер мақұлданды

15:35, 11 наурыз 2020
1044

Ресей Мемлекеттік Думасы соңғы, үшінші оқылымда Конституцияға енгізілуге ұсынылған түзетулерді мақұлдады, деп хабарлайды zakon.kz Рейтерге сілтеме жасап.

Бұл түзетулердің арқасында Владимир Путин тағы да ел президенті болып сайлана алады.

Путин парламент пен Мемлекеттік кеңестің өкілеттіктерін арттыру қажеттігін желеу етіп, конституциялық реформаларды қаңтар айында бастап берді. Заң бойынша, президент Путиннің кезекті алты жылдық мерзімі 2024 жылдан кейін аяқталуы тиіс. Енді Путин сол уақыттан кейін де билікте қалу мүмкіндіктерін іздестіруде деген әңгімелер пайда болды.

Мемлекеттік Дума мақұлдаған заң жобасында Конституцияға 200-дей түзету енгізу көзделген, оның ішінде Путиннің өткен-кеткен президенттік мерзімдерін есептен алып тастайтын баптар бар. Бұл заңға қол қойылса, Путиннің билікте 2036 жылға дейін отыратын мүмкіндігі пайда болады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!