Путин Зеленскийді Мәскеудегі Жеңіс парадына шақырмады

21:50, 10 маусым 2020

Ресей президенті Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Украина басшысы Владимир Зеленскийдің Жеңіс парадына шақырылмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz ресейлік ТАСС-қа сілтеме жасап.

Ресми Мәскеу Украина лидеріне Жеңіс парадына шақыру қағазын жолдады ма, деген сұраққа Песков берген жауапта "Менің білуімше, оны шақырған жоқпыз" делінді.

Кремльдің өкілі неге бұлай болғанын түсінідіріп берді.

– Ресейдің ол парадқа келгісі келетін бірқатар одақтастары мен серіктестері бар. Бірақ Украинаның де-факто және шыны керек, де-юре ТМД қатысушысы емес екенін білеміз, Украинаның өзі ТМД-ға қызықпайды, Жеңіс күнінің қуанышына біз сияқты қуанып, бізге қосылғысы келмейді, деген сарындағы сөзін айтты коронавирус жұқтырған Песков.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!