Путин мен Трамп арасындағы жүздесу бағдарламасы үш сағатқа жоспарланған

15:29, 16 шілде 2018

АҚШ пен Ресей көшбасшыларының кездесуі бірер сағаттан кейін басталады, деп хабарлайды Хабар 24.

Ақ үй басшысы Дональд Трамп Ресей президентімен кездеспес бұрын Финляндия басшысы Саули Нийнистёнің қабылдауында болды. Алғашында Трамп пен Путин Вена немесе Брюссель қаласында жүздесуі мүмкін деген пікірлер айтылған. Алайда кездесу алаңы ретінде Хельсинки таңдалды.

Халықаралық сарапшылар Дональд Трамп пен Владимир Путиннің кездесуінде біраз мәселе талқыға түсетінін айтады. Екіжақты жүздесу бағдарламасы үш сағатқа жоспарланған. Бірақ әңгіме ұзаққа созылуы мүмкін. Себебі екі елге қатысты және халықаралық деңгейде шешімін күткен күрмеулі мәселелер көп.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!