Путин аяқ астынан Сирияға барып, Асадпен кездесті

09:15, 8 қаңтар 2020

Ресей президенті Владимир Путин сейсенбі күні, аяқ астынан Сирия астанасы Дамаскіге барды. Оның бұл сапары алдын ала хабарланбаған.

Президент баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың сөздеріне сілтеме жасап, ресейлік БАҚ Путин әуежайдан бірден ресейлік әскери базаға аттанғанын жазады. Ол жақта Сирия президенті Башар Асадпен кездескен, деп жазады Орталық Азия жаңалықтар қызметі.

Кездесу барысында Путин Сирия тұтастығын қалпына келтіру мақсатында көп шаруалар істелгенін атап өткен. Асад Ресейдің көмегі үшін Путинге алғыс айтқан.

Сирияға Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу да барған.

Путин Таяу Шығыста жағдай ушығып жатқан тұста Сирияға барып отыр. Иран секілді Ресей де қарулы оппозициямен күресте Башар Асадқа қолдау көрсетіп келеді. Ал АҚШ одақтасы сириялық күрдтер.

8 қаңтарда Ресей президентінің Түркияға сапары жоспарланып отыр. Онда ол "Түрік ағыны" газқұбырының ашылуына қатыспақ.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!