Президент қашты. Қырғыз халқы бір түнде Ақ үйді басып алды

08:44, 6 қазан 2020

Ереуілге көтерілген халық пен күштік құрылымдардың кешкі сағат 20:00-де басталған қақтығысы "Ақ үйді" басып алумен аяқталды, деп хабарлайды zakon.kz 24.kg-ге сілтеме жасап.

Наразылық шарасына қатысушылар ғимаратқа басып кірді. Оның аумағында мемлекеттік күзет қызметкерлері болмаған. Әлі расталмаған деректерге сай, президент Сооронбай Жээнбеков оңтүстік бағытқа қарай ұшып кетті.

"Ақ үйге" басып кіргендердің арасында экс-президент Алмазбек Атамбаевтың ұлы Кадыр болған деседі.

Сонымен қатар, Бішкектегі наразы топ ұлттық қауіпсіздік комитетінің ғимаратына да басып кірген. Арнайы жасақ ұрысқа бармай, беріле салған. Тергеу изоляторынан бұрынғы президент Алмазбек Атамбаев босатылды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!