Португалиядағы өрт 64 адамның өмірін жалмады

08:13, 15 тамыз 2017
537

Португалияда қаулап жанған өрт әлі толастар емес.

Сол себепті ел үкіметі Еуроодақтан көмек сұраған. Осыдан соң испандық өрт сөндірушілер дереу іске кірісті. Өйткені жақын күндері аптап ыстықтың беті қайтпайтындықтан, табиғат апаты өршіп кетуі мүмкін. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, сенбі күні 268 өрт ошағы тіркелген. Оны ауыздықтауға жалпы саны 6500 маман жұмылдырылған. Жалын 64 адамның өмірін қиып, 140 мың гектар жерді жалмап кеткен.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!