Португалияда өрт сөндіргіш ұшақ құлады
Португалияда орман өртін сөндіруге қатысқан ұшақ құлады.
Үкімет өкілдерінің мәлімдеуінше, бұл шетелдік әуе көлігі болған. Айта кетейік, алапат өртті сөндіруге Испания, Италия және Франция мемлекеттері өз ұшақтарын көмекке жіберген болатын. Әзірге нақты қай елдің әуе көлігі апатқа ұшырағаны белгісіз. Іздестіру жұмыстарына қою түтін кедергі келтіріп отыр. Ұшақ апатынан зардап шеккендер туралы мәлімет те жоқ. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Португалияның орталық бөлігіндегі орман өткен сенбіде өртенген болатын. Соңғы мәлімет бойынша тілсіз жаудан 64 адам қаза тауып, жүз елуі жарақат алды. 2 мың 200 өрт сөндіруші соңғы бірнеше тәулік бойы тілсіз жаумен тынбай арпалысып жүр.
Источник: khabar.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:13, 3 қараша 2022
«Барыс» ҚХЛ аясындағы ойындарда 14-ші жеңілісін тіркеді
-
21:55, 3 қараша 2022
Илон Маск G20 саммитіне қатысады
-
18:50, 3 қараша 2022
Пәкістанның бұрынғы премьер-министріне саяси шеру кезінде оқ атылды
-
14:06, 1 қаңтар 2022
Ким Чен Ын: 2022 жыл – «Өліммен күрес» жылы
-
10:24, 18 желтоқсан 2021
Ресей Ашық аспан келісімінен шығу туралы шешім қабылдады