Португалия мен Испаниядағы орман өрті 35 адамның өмірін жалмады

11:37, 17 қазан 2017

Португалия мен Испанияда алапат орман өрті салдарынан қаза тапқандар саны 35-ке жетті.

Португалияның Азаматтық қорғаныс қызметінің мәліметінше, қызыл жалын 32 адамның өмірін жалмаған. Тағы 50-ден астамы жарақат алды. Жалпы ел аумағында 30 өрт ошағы тіркелген. Отты ауыздықтауға 5 мыңнан аса маман жұмылдырылды. Аталған мемлекет Еуроодақ пен Мароккодан көмек сұрап отыр. Ал Испанияның автономды қауымдастығы Галисияда үш күндік аза тұту жарияланды. Мұнда тілсіз жау 4 адамның өмірін қиған.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!