Полицей батареяға байлап қойған бұзақы тірідей пісіп қалды

12:01, 1 қараша 2018

Якутияда ұсақ бұзақылық үшін ұсталған ер адамның қазасынан кейін қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды РИА Новостиға сілтеме беріп, sputniknews.kz.

Оқиға Андрюшкино ауылында болыпты. Тергеу комитетінің мәліметі бойынша, түнде учаскелік полицей бұзақыны жылу радиаторына кісенмен байлап, кетіп қалған. Таңертең ер адам өлі күйінде табылыпты. Бастапқы деректер бойынша, ол қатты күйіп қалып, термикалық шоктан көз жұмған болуы мүмкін.

Қазір сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

ІІМ-нің өңірлік басқармасы хабарлағандай, ұсталған адам слесарь болып істеген екен, кісеннен босап шығу үшін, батареяның вентилін сындырған болса керек.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!