Пхенчхан қаласында қатты желден 16 адам зардап шекті

12:44, 15 ақпан 2018

Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында қатты желдің салдарынан 16 адам зардап шекті, деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Бұл туралы сол қалада өтіп жатқан Қысқы Олимпиада ойындарының ұйымдастырушысы Сон Пэк Ю хабарлады.

«Зардап шеккен 16 адам медициналық көмекке жүгінді. Оның 13-і сол жердегі қызметкерлер мен үш жанкүйер. Жарақаттарына байланысты барлығы үйлеріне жіберілді», – деді Сон Пек Ю.

Сонымен қатар ауа райының қолайсыздығына байланысты кейбір жарыстар басқа күндерге ауыстырылуда.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!