Перуде құрбандыққа шалынған 56 баланың мүрдесі табылды

10:49, 11 маусым 2018
316

Перуде діни рәсімдер кезінде құрбандыққа шалынған 56 баланың сүйектері табылды деп хабарлайды Sn.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

Балалардың мүрдесі мамыр айының басында Ла-Либертад аймағына қарасты Трухильо провинциясынан табылған. Археолог-ғалымдар адам сүйектерінен бөлек бұл жерден 30 шақты ламаның қалдықтарын да тауыпты. Барлығы да құрбандыққа шалынған.

Мамандардың пікірінше, ең алғашқы құрбандар осыдан 600-дей жыл бұрын өлтірілген екен. Мұндай әрекетке жергілікті үндістер ауа-райын қолайлы ету үшін барған, яғни пұттан жасалған құдайларға құрбандық шалу арқылы түрлі табиғи апаттардың алдын алмақ болған көрінеді.

Айта кетейік, табылған адам сүйектері Чиму мәдениетіне тиесілі. Бұл қауымның адамдары Перудің солтүстігінде 1250-1470 жылдар аралығында өмір сүрген. Оларды XV ғасыр аяғында инктер жаулап алды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!