Пермьдегі атыс: Оқ жаудырушы бозбаланың анасы пікір білдірді

10:31, 21 қыркүйек 2021

© Сурет: видеодан алынды

Пермьде ЖОО-ға келіп, жан-жағына оқ жаудырған І-курс студенті Тимур Бекмансұровтың анасы қайғылы оқиғаға қатысты алғаш рет пікір білдірді, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның айтуынша, "ол үйдің адамы еді, ешқайда шықпайтын, жамандық жасамайтын".

Соңғы рет әйел баласын 20 қыркүйек күні таңертең жұмысқа кетіп бара жатқанында көріпті.

Ол - өте тыныш, сабырлы бала. Көбіне үйде отыратын. Біз ешқашан жанжалдасқан емеспіз. Қарым-қатынасымыз жақсы болатын, жалпы өзі ешкімге қарсы келмейтін, төбелесқұмар болған емес, - деп түсіндірді ол.

Қазір бұл отбасының пәтері тінтуге алынған.

Бір күн бұрын Пермь мемлекеттік университетінде жас жігіт айналысындағыларға оқ жаудырып, алты адамды өлтірді. 28 зардап шегуші медициналық көмекке жүгінді, олардың кейбіреулері әртүрлі дәрежедегі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!