Пермь университетінде оқ жаудырып, қырғын салған Тимурдың жазбасы табылды

14:29, 20 қыркүйек 2021

© Сурет: видеодан алынды

Пермь мемлекеттік университетінде атысты ұйымдастырды деп болжанған 18 жастағы Тимур Бекмансұровтың желіде жазбасы жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Мен бұл туралы көп ойланып жүрдім, жылдар сырғып өтіп жатты, ақыры армандаған нәрсемді жүзеге асыратын уақыт келгенін түсіндім, - деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Ол өз жазбасында психиатрға қалай барып, қаралғанын, қай жерден қару сатып алғанын және шабуылға қалай дайындалғанын егжей-тегжейлі айтып береді.

Алдымен ол өзі оқыған мектебіне шабуыл жасағысы келген, бірақ наурыздың аяғында бұл ойынан айнып қалыпты. Ол "өмірінің соңғы 10 минутын өткізетіндей мектеп тым жағымсыз, қарабайыр орын" деп жазады.

20 қыркүйекте Пермь мемлекеттік ұлттық зерттеу университеті ғимараттарының бірінің аумағында студент айналасындағыларға оқ жаудырды. Салдарынан сегіз адам қаза тауып, бірнеше адам жараланды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы нақты деректер әлі жарияланбады. Шабуыл жасаушы анықталып, ұсталды. Ұстау кезінде қарсылық танытқан ол жараланды, - деді Светлана Петренко, Ресей тергеу комитетінің ресми өкілі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!