Пермь өңірі тергеу басқармасының бастығы өз-өзіне қол салды

09:37, 24 қыркүйек 2021
728

© Сурет: Пермь өңірінің Тергеу комитеті

23 қыркүйекте РФ Тергеу комитетінің Пермь өңіріндегі тергеу басқармасының бастығы Сергей Сарапульцев өз-өзіне қол салды, деп хабарлайды zakon.kz.

Полковниктің денесі өз саяжайынан табылды.

Newsko.ru атап өткендей, Тергеу комитетінің өңірлік басқармасында сол күні Пермь университетіне жасалған шабуылға қатысты кеңес өткен. Көптеген жергілікті тергеушілер тергеуден шеттетілді.

Алайда, алдын ала мәліметтер бойынша, Сарапульцевтің өз-өзіне қол жұмсауы қызметіне, атап айтқанда, Пермь университетіндегі төтенше жағдайға түк қатысы жоқ.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

20 қыркүйекте І-курс студенті Пермь университеті ауласында адамдарға оқ жаудырды. Салдарынан алты адам қаза тапты. Оқ атқан адамның өзі ұсталды. Дәрігерлер оның аяғын кескенін айтты.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!