Пәкістандағы жарылыстан қаза тапқандар саны 140 адамға жетті

17:37, 25 маусым 2017

Пәкістанның Пенджаб провинциясында жанармай тасымалдайтын көлік отқа оранып, 140 адам опат болды.

Тағы 49 тұрғын жарақат алып, ауруханаға түскен. Көбісінің денесінің 70%-ын күйік шалған. Тілсіз жау жақын маңда тұрған 75 мотоцикл мен 4 көлікті күлге айналдырды. Негізі автоцистерна белгісіз себептермен жол ортасында аударылған. Жұрт одан төгілген жанармайды құйып алу үшін жанталаса жүгіріпті. Куәгерлердің айтуынша, бейқам біреулер темекі тартып, өрт сол шылымнан шыққан көрінеді.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!