Пәкістанда жарылыс болды

08:40, 24 маусым 2017

Пәкістан мешітінде болған жарылыс салдарынан 40 адам қаза тапты.

Бүгін таңертең Пәкістанның солтүстік-батысындағы Джамруд елді мекенінде қуатты жарылыс болып, кем дегенде 40 қаза тауып, 100 астамы жарақат алды.

Қуаты орасан жарылғыш затты жанкешті-лаңкес жергілікті мешіттердің бірінде жұма намазы кезінде іске қосқан. Жергілікті полицияның нақтылауынша, бұл лаңкестік «Пәкістан экстемистері»  деп аталатын Техрик-и-талибан Пәкістан содырлар тобының әрекеті болуы әбден мүмкін көрінеді. Өйткені олар осы Оңтүстік Азия аймағында көптеген лаңкестіктерді жасап, мойындарына алғандар.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!