Париждің орталығында атыс болды

16:03, 21 сәуір 2017
551

Париждің орталығында атыс болды, құрбан болғандар бар. Франция президенті мен премьер-министрі Парижде болған атыс бойынша жедел мәжіліс өткізіп жатыр, деп хабарлайды ТАСС.

Атыс Париждің орталығындағы Елисей алаңында болды. Онда полицей қызметкерлері қаза тапты. Соған байланысты Францияның премьер-министрі Бернар Казнев республика президенті Франсуа Олланмен кеңесу үшін жедел Елисей сарайына келді. Бұл туралы бейсенбі күні үкіметтегі дереккөздерге сілтеме жасап AFP хабарлаған.

Франция астанасының орталығында болған оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 21-00-де басталған. Белгісіз біреулермен болған атыс барысында бір полиция қызметкері мерт болған, тағы екеуі жарақат алды, олардың бірінің жағдайы қазір өте мүшкіл. Қолда бар мәліметтерге қарағанда, оқ атқан адам оқиға орнында өлтірілген. Алайда полиция қызметкерлері оның басқа сыбайласы болуы мүмкіндігін айтты. Ол оқиға болған жердегі көлік тұрақтарының бірінде бой тасалап жүруі мүмкін.

Елисей алаңы — республика президентінің жұмыс резиденциясы. Елисей сарайына жақын маңда, қаланың батыс бөлігінде орналасқан, Париждің ірі даңғылдарының бірі. Қазіргі таңда авеню толығымен қоршаға алынған. Дүкендер мен мейрамханалардың барлығы жабылды. Метро станциялары бақылауға алынды.

Дереккөз: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!