Парижде қазақ әдебиеті және мәдениеті орталығы ашылды

11:36, 19 қазан 2017

Париждегі Шығыс тілдері және өркениет институтының кітапханасында қазақ әдебиеті мен мәдениеті орталығы  ашылды.

Бұл шара Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» атты мақаласының тұсаукесері аясында ұйымдастырылған. Осылайша, Қазақстанның Ұлттық Академиялық кітапханасы 200-ге жуық отандық автордың кітабын француз халқына тапсырды. Берері мол басқосуға қазақстандық зиялы қауым өкілдері мен дипломаттары қатысты. Өз кезегінде Шығыс тілдері және өркениет институты кітапханасының директоры Мария-Лиз Тсагурия алғысын  білдірді. Өз сөзінде сыйға берілген туындылар француздар үшін Қазақстанның мәдениетін, тарихын, салт-дәстүрін танып білуге үлкен септік тигізетіндігін атап өтті. Жиын соңында екі елдің кітапханалары ынтымақтастық туралы  меморандумға қол қойды. 

Үмітхан Мұналбаева, Ұлттық академиялық кітапхананың директоры:

- Француздар латын қаріпінде жазылған кітаптарымызға аса қызығушылық танытып жатыр. Біз оған өте  қуаныштымыз! «Рухани жаңғыру» бағдарламасының көмегімен қазақ тілінен жәймен латын қарпіне көшіп жатырмыз. Менің ойымша, Еуропаға француздарды біздің мәдениетімізге жақындата түсетін кітаптарды әкелдік. Қазақ классиктерінің  туындыларын сыйға тарттық. Олар өз кезегінде Мұстафа Шоқайдың қолжазбалары мен кітаптарын көрсетті. Ол біздің ғалымдар мен кітапханашылар үшін үлкен жетістік.

Қазақстанда латын әрпін қолдану кезінде 2 мың 17 кітап шығарылған еді. Олар басы бүтін Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада сақтаулы тұр. «Рухани жаңғыру» мақаласының тұсаукесері аясында ЮНЕСКО-ның штаб- пәтерінде  заманауи қазақ авторларының туындыларымен қоса өткен ғасырдағы латын қаріпіндегі баспалар таныстырылды. Оның ішінде қазақтың «Әліппесі» де бар.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!