Пандемия кезінде Түркияға 10 миллионға жуық турист барған

10:43, 30 қыркүйек 2020
401

Түркияға туристер ағымы 2020 жылдың қаңтарынан тамызына дейін 10 миллион адамды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 73,94 пайызға аз.

Бұл туралы Анадолу агенттігі мәлімдеді, деп жазады Курсив.

Министрліктің хабарлауынша, Түркияға 9 271 660 адам барған, оның 2 016 553-і шетелде тұратын түріктер және 7 255 107-сі шетелдік азаматтар.

Түркияға келушілер саны бойынша Германия бірінші орында - 789 602 турист, екінші орында - Ресей (772 686 адам) және үшінші орында - Болгария (532 417 турист).

Рейтингтің төртінші және бесінші жолдарын Украина мен Ұлыбритания бөліседі.

Тамыз айында ресейліктер Түркиядағы туристер саны бойынша бірінші орынға ие болды - 439 731, екінші - Ұлыбритания - 260 846 және үшінші - Украина - 255 651. Одан кейін Германия мен Болгария.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!