Пан Ги Мунның туыстары парамен ұсталды
Америка билігі БҰҰ-ның бұрынғы бас хатшысы Пан Ги Мунның ағасы Пан Ги Сан мен жиені Пан Чу Хенды Таяу Шығыс елдерінің ресми өкілдерін «сатып алу мақсатында сөз байласқан» деп айыптады. Аталмыш іс Вьетнамда 800 млн долларға ғимараттар кешенін сату әрекетімен байланысты. Бұл туралы РБК Reuters агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлады.
Айыптау қорытындысына қарағанда, 2013 жылы Пан Ги Сам кеңесшісі болып табылатын Keangnam компаниясы дағдарысқа ұшырағандықтан, Пан Чу Хенға вьетнамдық Landmark 72 құрылыс кешеніне инвестор тауып беру туралы өтініш жасаған. Есесіне 5 миллион доллар комиссия уәде еткен. Заңды түрде қаржыландыруға қол жеткізудің орнына, Пан Ги Сан таяушығыстық шенеуніктерді сатып алу үшін жоспар құрған. Мұның бәрі Оңтүстік Кореяның тәуелсіз қорын аталмыш құрылыс нысанына иелік етуге көндіру үшін жасалған.
Қаражат Малком Харрис арқылы аударылған. Ол – сән және көркемөнер кеңесшісі, блогер, істе оның да аты аталады. Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, ол 2014 жылдың сәуірінде 500 мың доллар көлемінде аванс және сауда аяқталысымен тағы да 2 миллион доллар төлеуге келіскен. Бірақ келісім орындалмай қалады. Ал Пан Чу Хен қазір қамауда отыр.
Сонымен қатар, «РИА Новости» агенттігі Біріккен Ұлттар Ұйымы бұл айыптауларға қатысты ешқандай пікір білдірмейтінін хабарлады. «Біз бұл мәселе бойынша пікір білдірмейміз», — деп атап өткен Стефан Дюжаррик.
Дереккөз: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:13, 3 қараша 2022
«Барыс» ҚХЛ аясындағы ойындарда 14-ші жеңілісін тіркеді
-
21:55, 3 қараша 2022
Илон Маск G20 саммитіне қатысады
-
18:50, 3 қараша 2022
Пәкістанның бұрынғы премьер-министріне саяси шеру кезінде оқ атылды
-
14:06, 1 қаңтар 2022
Ким Чен Ын: 2022 жыл – «Өліммен күрес» жылы
-
10:24, 18 желтоқсан 2021
Ресей Ашық аспан келісімінен шығу туралы шешім қабылдады