Палестиналықтар өздерінің мемлекеттігін мойындаған елдерге қолдау білдірді
© Сурет: pixabay
Палестиналықтар өздерінің мемлекеттігін мойындаған Батыс елдеріне қолдау білдіріп шеруге шықты. Мұндай акция бүгін Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Рамалла қаласында өтті.
Демонстранттардың кейбіреуі Канаданың және өзге де елдердің туын ұстап шыққан, деп жазады qazaqstan.tv.
Естеріңізге сала кетсек, Палестина мемлекетін соңғы күндері Британия, Канада, Австралия, Португалия мойындады. Сонымен қатар осындай шешімді Франция Біріккен Ұлттар Ұйымында Сауд Арабиясымен саммит өткізіп қабылдауға дайындалып жатыр.
"Әлемнің кейбір елдерінің, әсіресе ықпалды мемлекеттердің елдікті мойындауы өте маңызды заңдық құндылыққа ие. Оның нәтижесінде палестиналықтар халықаралық резолюцияларға сүйеніп, мемлекет құру құқығына ие болады. Және де мұның арқасында Палестина шетелде миссиялар мен елшіліктер ашып, өзін таныған мемлекеттермен саяси, экономикалық, сауда және өзге де екіжақты келісімдер жасай алады." Доктор Мұхаммед Шалалдех, Әл-Құдс университетінің профессоры, сарапшы.
Израильдің әсіре оңшыл үкіметі болса, Палестина мемлекетінің құрылуына жол бермейтінін ескертті. Айта кетсек, 2023 жылы Израильдің оңтүстігінде 1200 адам өлтіріліп, 251-і кепілге алынғаннан кейін Газа секторында "Хамаспен" соғыс басталды. Сол шайқас барысында Израильдің шабуылдарынан 65 мыңнан астам палестиналық мерт болып, премьер-министр Биньямин Нетаньяхудың министрлер кабинті қазір үлкен жаһандық сынға ұшырап отыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:52, 11 қараша 2025
Өзбекстанның бірінші ханымы қатерлі ісікке қарсы күресте әлемдік лидер атанды
-
11:45, 11 қараша 2025
Трамп: Қазір Ақ үйде Си Цзиньпинді лайықты түрде қарсы алатын орын жоқ
-
09:13, 11 қараша 2025
АҚШ-та ұшу кезінде жас жігіт ұшақтың есігін ашып жібермек болып, төтенше жағдай тудырды
-
14:26, 10 қараша 2025
Вьетнамда туристерге улы қоңыздар туралы ескерту жасалды
-
14:07, 10 қараша 2025
Трамп әрбір америкалыққа екі мың доллардан төлеуге уәде етті





