Пакетке қызының басын салған жалаңаш әйел ұсталды

15:19, 30 сәуір 2020

Украинада бір сұмдық жағдай болды. Харьков полицейлері көшеде қолына пакет ұстаған тыр жалаңаш әйелді ұстады. Пакетінің ішінде қыз баланың басы жатыр, өзі екінші қолына пышақ ұстаған. Бұл туралы Focus.ua жазады, деп хабарлайды zakon.kz.

Әйел ақыл-есінен ауып кеткен жағдайда.

30 сәуірде таңертең Подворки ауылының 40 жастағы тұрғыны полицияға хабарласып, 11 жастағы жиенінің бассыз денесін тауып алғанын хабарлаған. Ер адам үйде өзінің 38 жастағы қарындасы мен оның қызымен бірге тұрған екен, – дейді полиция.

Көршілердің сөзінше, әйелдің дені сау, жұмыс істейтін. Бірақ отбасы кедей тұрған екен, сонда да күтімі болған қыз бала таза киініп, мектепке барып жүрген.

Полиция тергеуге кірісті.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!