Өзбекстанның тұңғыш президентінің қызына сот үкімі шықты

16:03, 18 наурыз 2020

18 наурызда Ташкентте қылмыстық істер жөніндегі қалалық сотта қаңтар айында Өзбекстанның тұңғыш президентінің үлкен қызы Гүлнара Каримованың үстінен қозғалған іс бойынша сот отырысы аяқталды, деп жазады centralasian.org.

Бұл жөнінде Өзбекстанның Жоғарғы сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Үкімге сәйкес, Гүлнара Каримова бопсалау, ақшаны жымқыру, қылмыспен келген қаржыны заңдастыру баптары бойынша айыпты деп танылып, 13 жыл және 4 айға сотталды.

"Қылмыстық кодекске сәйкес, жазасын өтеу мерзімі 2015 жылдың 21 тамызынан есептеледі", - делінген хабарламада.

Сот сонымен бірге бұл іске қатысы бар деп Н.Садыкованы 20 жылға, О.Свиридованы 17 жылға, А.Эргашеваны 18 жылға, Ш.Сабированы 17 жылға, Г.Авакянды 5 жарым жылға бас бостандығынан айырды.

Ж. Абдурахманов пен Б. Тешабаев мерзімі өтіп кетуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!