Өзбекстандағы телеарналар арнайы қызметтің бақылауынан босатылды

16:05, 16 сәуір 2018
274

Өзбекстан ұлттық телерадиокомпаниясы арнайы қызметтің бақылауынан босады, деп хабарлайды Хабар 24.

Өйткені компания төрағасының қауіпсіздік жөніндегі орынбасары Абдусалом Шодмонов қызметтен қуылды. Ол құзырлы органның құлақ көзі болып, оппозициялық топтарды қаралау бағытында арнайы шығарылымдар әзірлеумен айналысқан. Сондай-ақ жеке өзінің бұйрығымен қызметкерлерді жұмысқа қабылдауға және босатуға құқылы болған.

Жергілікті арналардың хабарлауынша, Абдусалом Шодмонов қызметтен қуылғаннан кейін телерадиокомпаниядан мұндай лауазым мүлде алынып тасталды. Айта кетейік, бұған дейін елдегі мешіттерде қызмет атқарып жүрген арнайы қызмет мамандары да жұмыстан қуылған болатын. Олар мемлекеттік мекемелерде жұмыс істеу арқылы сол саланың тыныс-тіршілігіне ықпал етіп отырған. Дегенмен, 19 қаңтарда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев арнайы қызметтің бұл әрекетін қатаң сынға алды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!