Өзбекстанда жұмыссыз әйел үш айлық сәбиін 400 долларға сатпақ болған

10:46, 8 қаңтар 2020

3 қаңтарда Ташкент облысының Ахангаран қаласында үш айлық сәбиін 400 долларға сатпақ болған әйел ұсталды. Бұл жөнінде елдің ІІМ терроризм және экстремизмге қарсы күрес басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды centralasian.org.

Сәби Ахангаран қалалық балалар ауруханасына берілген.

Белгілі болғандай ұсталған әйел уақытша жұмыссыз. Оған қарсы қылмыстық іс қозғалған. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Өзбекстан заңы бойынша, мұндай қылмысқа 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаралған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!