Өзбекстанда жедел жәрдем дәрігерлері 250 доллар үстемақы алады

15:35, 21 шілде 2020
564

Өзбекстан үкіметі биыл 20 шілдеде жедел жәрдем қызметкерлеріне үстемақы тағайындау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Коронавирус пандемиясы кезінде жедел жәрдем көрсететін шұғыл бригадалар жасақталады. Оның құрамына бір медицина қызметкері мен бір жүргізуші кіреді. Бригада тәулік бойы қызмет көрсетеді.

Үкімет қаулысы биыл 20 шілдеде қабылданды.

Әр айдың соңында жедел жәрдем қызметкерлеріне айлықпен қоса үстемақы төленеді. Үстемақы көлемі:

дәрігерлер – 2,5 млн. сум ($245);

орта дәрежелі медициналық қызметкер – 1,5 млн. сум ($146);

жүргізушілер – 1,0 млн. сум ($100).


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!