Өзбекстанда өзбек тілінде сөйлеуге үндейтін үнпарақтар ілінді

14:43, 5 қазан 2021
594

© Сурет: fergana.ru

Шыршық билігі қоғамдық орындарда өзбек тілінде сөйлеуге үндейтін үнпарақтар іліп жатыр, деп хабарлады Podrobno.uz, деп жазады centralasian.org.

Үнпарақтар дүкендерде, қоғамдық көліктерде, білім беру мекемелерінде және басқа да қоғамдық орындарда пайда болды.

Қала әкімдігі бұны мемлекеттік тілді қолдауды көздейтін челлендж деп түсіндірді. Оны рухани басқарма ұйымдастырған.

Өзбек тілі – Өзбекстанның ресми тілі. Орыс тілінің ресми мәртебесі жоқ. Өзбекстанның "Мемлекеттік тіл туралы" заңында мемлекеттік билік органдары мен басқаруды жұмыс өзбек тілінде жүргізілетіні, қажет болған жағдайда кейбір құжаттарды басқа тілдерге аударуға болатыны жазылған.

2021 жылы маусым айында Өзбекстан парламентінің жоғары палатасы мемлекеттік тіл туралы заңның жаңа нұсқасын қабылдады, сөйтіп іс жүргізуде мемлекеттік тілді қолданбағандарға айыппұл салынатын болды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!