Өзбекстанда оқушы қыздарға мектепке орамал тағуға тыйым салынуда

16:22, 7 қазан 2019

Ташкент облысының білім беру басқармасы оқушыларға мектепке орамал тағып келуге тыйым салып жатыр.

Шенеуніктер директорлардан мектептің кіре берісіне арнайы кезекші қойып, орамал таққан қыздарды кіргізбеуге талап етіп жатыр, деп хабарлайды centralasian.org.
Мектеп директорларының қатысуымен өткен жиналыста білім басқармасының өкілі бұл жоғары жақтан келген тапсырма деген.

"Мектеп ішінде ата-ана емес, сіздер қожайынсыздар. Ата-аналар үйлерінде бастық болсын. Мектепте оқушылар біздің талапқа сәйкес киінуі тиіс. Олардың бізге ультиматум қоюға құқығы жоқ", - деген жиналыс кезінде.

Өзбекстан үкіметі 2018 жылы мектептерде қандай да бір діннің киімін киюге тыйым салатын ереже қабылдаған.

Сарапшылар Ташкент және Ферғана облыстарында мектепке орамал тағып баратын қыздар басқа аймақтарға қарағанда көп дейді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!