Өзбекстанда дамба жарылды. Тұрғындар көшіріліп жатыр
1 мамыр күні таңертең Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасындағы дамба жарылды. Құтқарушылар жақын маңда орналасқан тұрғындарды көшіріп үлгерген.
Орталық Азияның жаңалықтар қызметі хабарлағандай, жергілікті тұрғындардың бірінің айтуынша, төтенше жағдайлар министрлігінің, ішкі істер органдарының және Ұлттық гвардия қызметкерлері таң атпай халықты оятып, көшуге шақырған.
– Таңғы сағат 6-да кенеттен айқай басталды. Көшелерде милиция қызметкерлері "Тұрыңдар, көшіңдер, Сардоба су қоймасындағы дамба жарылды" деп айқайлап жүрді. Біздің үй су қоймасынан бір шақырым жерде орналасқан. Бірден құжаттарды алып, далаға шықтық. Елдің бәрі дүрбелеңге түсіп, көліктеріне отырып, қашып жатыр, біз де қаштық. Су гүрілдеп бірден басып қалды, біз көлікпен шығып үлгердік. 1 және 1А ауылы толық судың астында қалды, – деді ол.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:13, 3 қараша 2022
«Барыс» ҚХЛ аясындағы ойындарда 14-ші жеңілісін тіркеді
-
21:55, 3 қараша 2022
Илон Маск G20 саммитіне қатысады
-
18:50, 3 қараша 2022
Пәкістанның бұрынғы премьер-министріне саяси шеру кезінде оқ атылды
-
14:06, 1 қаңтар 2022
Ким Чен Ын: 2022 жыл – «Өліммен күрес» жылы
-
10:24, 18 желтоқсан 2021
Ресей Ашық аспан келісімінен шығу туралы шешім қабылдады