Өзбекстан Ресейден 1 млн га құнарлы жерді жалға алмақ

16:20, 7 қазан 2021
555

© Сурет: Albert Dzen (Tass)

Өзбекстанның ауыл шаруашылығы министрлігі Ресейде 1 млн гектар жерге соя мен астық егуді көздеп отыр. Тараптар жобаны 35 000 гектар жерде бастап көруге келісті.

Бұл туралы Өзбекстанның ауыл шаруашылығы министрі Жамшид Хожаев пен Ресейдің ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері хабарлады.

Өзбек жағының хабарлауынша, Ресейдің ауыл шаруашығылы министрлігі өзбек-орыс жобасына қызығушылық танытқан.

Ресейдің ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Сергей Левиннің хабарлауынша, қазір Ресейде шамамен 8-13 миллион гектар жер бар, ал Федерациядағы 23 субъект өзбек-орыс жобасын қолдауға ниет білдіріп отыр.

Өзбек министрінің айтуынша, 35 мың га жерден алынған өнім Өзбекстанға экспортталады.

Ресейдегі шаруаларға жұмыс күші жетпей жатыр. Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, бір ғана Астрахан облысына 11 мың еңбек мигранты керек. Жергілікті жұмысшылар айлықты өсірсе де алқапқа шықпаған. Соның салдарынан Ресейдің барлық аймағында ауыл шаруашылығы өнімдері күрт қымбаттап кетті.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!