Өзбекстан президенті тұңғыш рет түрмедегілерге рақымшылық жасады

10:10, 7 желтоқсан 2017

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев жарлық шығарып, сотталған 2,7 мың адамға рақымшылық жасады, - деп хабарлайды Baq.kz жергілікті БАҚ-тарға сілтеме жасап.

Рақымшылық туралы жарлықтың Өзбекстан тарихында тұңғыш рет қабылданғаны айтылады.

"Біздің елде тұңғыш рет Өзбекстан Президенті 2 700 адамға рақымшылық жасау туралы жарлық қабылданды, оның ішінде түрлі жағдайда қылмыс жасап, өз ісіне өкініп, дұрыс жолға түсіп, тұрғылықты жері әрі жазаны өтеу орындарынан жақсы мінездемесі барлардың қатарынан жазаны атқару колонияларынан 956 адам шығады", - делінген хабарламада.

Рақымшылық туралы акт арқылы сотталғандарға елде болып жатқан реформалардың белсенді қатысушысы болып, отбасына оралып, қоғамға енуіне мүмкіндік жасалып отыр.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!