Өзбекстан ІІМ басқарма басшысын қызмет орнында өлтіріп кетті

12:01, 7 тамыз 2018
315

Өзбекстан ІІМ патрульді-күзет басқармасының басшысы Дилшод Акромовты қызмет орнында өлтіріп кетті – деп хабарлайды qazaqtimes, Газета. uz берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Өзбекстан ішкі істер министрлігінің мәліметінше, патрульді-күзет басқармасының басшысы Дилшод Акромов өзінің қызмет бөлмесінде өлі күйінде табылған.

Тергеу жұмыстары барасында оның қызмет бөлмесіне белгісіз бір адамның келгендігі және оған пышақ салып оқиға орнынан қашып кеткендігі анықталған.

Қазіргі таңда «Асқан қатігездікпен қасақана кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған және «Акромовты өзінің жақын таныстарының бірі өлтіруі мүмкін» деген болжам айтуда.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!