Өзбек президенті қол шапалақтап, мадақ айта беруге тыйым салды

14:41, 2 сәуір 2019

Бұхара облысына іс-сапармен барған Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев шенеуніктерге қол шапалақтап, мадақ айтуды қоюды бұйырды, деп хабарлайды Zakon.kz "Жас Алашқа" сілтеме жасап.

Оның орнына Мирзиеев нақты жұмыспен айналысуды тапсырды.

Бұхарадағы кездесуде мемлекет басшысы шенеуніктердің қызметі халықтың мүдесіне еңбек ету деді.

"Сіздердің жұмыстыраңыздың нәтижесін әрбір көше, әрбір отбасы сезіну тиіс. Қол соғып құрмет көрсетуді, мақтау сөздерді қою керек. Жұмысты дұрыс жоспарлап істеу қажет", — деді президент.

ozodlik.org сайтының жазуынша президенттің кез-келген баяндамасына шенеуніктер қол соғып қошамет көрсетеді. Бірінші президент Ислам Каримов кезіндегі әдет әлі де тиылар емес. Өзбекстанның екінші президенті бұған дейін де алақан қызарғанша қол соғатын советтік мінезді қоюға шақырған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!