Өз анасын трактордың астына тастаған жігіт желіні шулатты

14:32, 29 маусым 2018
437

Үндістанда екі адам жерге таласып қалады. Бұл дауды шешу үшін олар сотқа арызданған. Сот жер телімін біреуіне тиесілі деп шешім шығарып берген. Екінші адамға бұл мүлде ұнамай, ақылға қонымсыз әрекетке барады. Бұл туралы jasqazaq.kz, life.ru жариялан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлады.

Жер иесі өз жерінде трактормен жұмыс істеп жүргенде, оның қарсыласы егде тартқан анасын сүйреп трактордың астына лақтырады. Қарт әйел өзінің ересек ұлына шамасы жетпей, айғайлайды. Бірақ оны ешкім тыңдап тұрған жоқ еді.

Кейінірек бұл дауға полиция араласып, ер адамды бөлімшеге алып кеткен.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!