Осал тұстарды шұғыл реттейді: Apple iOS жаңартушы-қосымшаны шығарды

14:42, 14 қыркүйек 2021

© Сурет: pixabay.com

Apple компаниясы "қауіпсіздіктің маңызды жаңартуларын қамтитын және барлық пайдаланушыларға орнатуға ұсынылған" iOS 14.8 жаңартушы қосымшаны шығарды, - деп хабарлайды zakon.kz Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Компания қауіпсіздікті күшейту үшін (бағдарламалық жасақтамадағы ақауларды жоюға немесе оның функциясын өзгертуге арналған код) шұғыл әрекет етуші бағдарлама құрды.

Ресми сайтта оның CoreGraphics құрылымы мен WebKit браузері жүйесіндегі осалдықтарды реттейтіні айтылады. Бірінші жағдайда, шабуылдаушылар зиянды PDF файлын ашқан кезде, ал екіншісінде олар зиянды веб-парақша арқылы құрылғыны бұзуы мүмкін еді.

Осындай осал тұстарды 7 қыркүйекте Торонто университетінің Citizen Lab мамандары анықтап, дереу гаджет өндірушісіне хабарлаған. Сарапшылардың пікірінше, бағдарлама iPhone, iPad және Mac-тың пайдаланушыларына қауіп төндірмейді, себебі олар осы қосымшаны жүктеуге қолайлы құрылғылар.

Жайна Тәттімбетова


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!