Орталық Қытайда ғұндар жерленген 18 қорым табылды

14:19, 5 мамыр 2017

Археологтар Қытайдың Хэнань провинциясында шамамен 1800 жыл бұрын ғұндар жерленген 18 қорымды тапты, деп жазды Қытайдың орталық телеарнасына сілтеме жасаған «Жэньминь Жибао» газеті.

Басылымның жазуынша қорымдар сол маңды мекендеген ғұндарға тиеселі.

Кірпіштен қаланған және өте жақсы сақталған қорымда табылған заттардың ішінде тамақ дайындауға арналған қазандар, қару-жарақ пен сәндік бұйымдар бар.

«Олар Шығыс Хань ( б.э 25-220 жж.), династиясының кейінгі дәуірі кезеңіне тиеселі, шамамен 1,8 мың жыл болған» дейді Қытайдың қоғамдық ғылымдар академиясының қызметкері Шэнь Вэньси.

Дереккөз: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!