Оңтүстік Кореяның экс-президенті 24 жылға сотталды

15:13, 6 сәуір 2018
398

Сеул соты Оңтүстік Корея экс-президенті Пак Кын Хені 24 жылға соттады. Сот оны сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар, билікті теріс мақсатта пайдаланды және коммерциялық компанияға заңсыз болысты деп айыптады. Прокурор бұған дейін 66 жастағы Пак Кын Хені 30 жылға соттап, 110 миллион доллар айыппұл салуды сұраған, деп хабарлайды Sn.kz.

Экс-президент өзіне тағылған барлық айыпты жоққа шығарды. Ол сотқа қатысқан жоқ. Сот отырысы Оңтүстік Корея телеарнасынан тікелей эфирден берілді.

2017 жылы 10 наурызда Оңтүстік Кореяның Конституциялық соты Пак Кын Хені бірауыздан президент қызметінен босатқан. Пак Кын Хеге импичмент жариялау шарасын 2016 жылы желтоқсанда Оңтүстік Корея парламенті президенттің жақын серігі сыбайлас жемқорлыққа қатысты дауға шатылған соң бастаған.

Оңтүстік Кореяда президентті қызметінен кетіруге әкелген жанжал Пак Кын Хенің құрбысы Чхве Сунь Силь президенттің ықпалын теріс мақсатта пайдаланды деп айыпталған соң туындаған.

Биыл ақпанда Сунь Силь 20 жылға сотталған. Оған елдегі ең ірі компания - Samsung-ті өзінің коммерциялық емес қорына 70 миллион долларға жуық қаржы аударуға мәжбүрледі деп айыпталған.

Пак Кын Хе өзін "саяси репрессияның құрбаны болдым" деп санайды. Ол өзіне бұған дейін тағылған айыптар бойынша Сеулде өтіп жатқан сот процесіне ауырып жатқанын айтып, біраздан бері қатыспаған. Ал адвокаттары сот процесіне қатысудан бас тартқан.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!