Оңтүстік Кореяның экс-президенті қайтыс болды

12:02, 26 қазан 2021

© Сурет: historylib.org

Оңтүстік Кореяның экс-президенті Ро Дэ У қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Риа Новости жеткізгендей, экс-президент денсаулығының нашарлауына байланысты ауруханаға түскен және содан бері оның жағдайы жақсармаған.

Ро Дэ У 1988 жылдың ақпанынан 1993 жылдың ақпанына дейін Мемлекет басшысы болған. Ол бұл лауазымға Демократиялық либералды партиядан ұсынылды.

Ол қайта сайлау құқығынсыз бес жылға сайланған елдің алғашқы президенті болды.

Бақытжан Отарбаева


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!